Парижде жұлдыздармен жүздескіңіз келсе...

Парижде жұлдыздармен жүздескіңіз келсе...
Фото: pre-party.com.ua

Париж – Франиця елінің астанасы ғана емес, әлемдегі «махаббат қаласы» атанған қала. Себебі мұнда жыл сайын мыңдаған саяхатшылар мен жастар бас қосады. Бір-бірімен тіл табысып, соңы мәңгілік сезімге ұласып жатады. Оған француз елінің мәдениеті мен көз тартатын сұлулығы куә.

Ең қызығы Парижге жолыңыз түсіп жатса, жұлдыздармен жүздесу бұйырса екен деген ой болса, қам жемеңіз. Біз сізге осы қаладағы бірнеше орындарды көрсетеміз. Ол орындарда әлемге танымал жұлдыздар келіп-кетеді.

«Le Baron» және «Le Black Calavados» түнгі клубтарына кіру өте қиын. Себебі тексеріп қатаң бақылауда жүреді. Ал ішіне кіре қалсаңыз, міндетті түрде Кристен Данст, София Коппола, Леонардо Дикаприо есімді азаматтармен жолығып қалуыңыз әбден мүмкін. Себебі бұл жерге аталған жұлдыздар жиі келеді.

Егер «Costes» мейрамханасына кіріп жатсаңыз, ол жерде аптасына бірнеше рет кіріп тамақтанатын жұлдыздардың қатары бар екенін біліп алыңыз. Солардың бірі Дужд Лоу.

Ал «L’Avenue» мейрамханасы Жан-Поля Готьенің ең сүйікті орны. Одан өзге Бейонсе, Джей-Зи да бар.

«Westin» қонақ үйіне соғып жатсаңыз есіңізде болсын, ол жерде Рита Ора мен Кара Делевинь жиі болады.

Сапарыңыз сәтті болсын! Жұлдыздар шоғырында жүздескенше! 

М. Ақан