Парфюмерия тарихындағы ең қымбат жұпар

Парфюмерия тарихындағы ең қымбат жұпар
Фото: vk.com

Қаңтар айының аяғында әтір өндірісі тарихындағы ең қымбат парфюмдер сатылымы өтті.

Осы сатылымда Bulgari компаниясының Opera Prima әтірі 200 000 евроға өтіп, көш бастады. Асыл тастай тым қымбатқа бағаланған жұпарды сатып алған адамның есімі жасырын қалды.

Бұл – парфюмерия әлемінің хас шедеврі. Ерекше құтыға шоғырландырылып құйылған эликсирді Даниэла есімді парфюмер Bulgari брэндінің 130 жылдығына арнап жасаған. Шишаның өзі Venini-мен болған серіктестік (коллаборация) жемісі. Ол Венецияда Мурано шынысымен жұмыс істейтін шеберлердің қолынан шығады. Жалпы, 250-карат цитринмен жұмыс істеу және оған өте нәзік қалып беру өте қиын болды. Құтының орталық бөлігі Мурано шыны қабаттарының арасында ерітілген алтын табақшадан жасалған. Бөтелке алтын үш дискімен және алмаз төсеммен көмкерілген. Қақпағы гауһар тастармен және салмағы 4,45 караттық аметиспен көмкерілген. Шығыстық сарындағы гүлдер негізінде жасалған хош иіс – тубероза, магнолия және мускус комбинациясы.

А. Оралқызы