«Титаник» ескі суреттер көзімен

«Титаник» ескі суреттер көзімен
Фото: lovemastery.net

1912 жыл. Сәуір. Атлант мұхиты. «Титаник». Әлемді аузына қаратқан алып кеменің ажалы мұздықтан болды. Джеймс Кэмерон түсірген фильм әлі күнге дейін үздік үштіктен түскен емес. Ендеше бұл – бүкіл адамзаттың санасында қалған тарихи оқиға. Ескіден қалған суреттер бүгін – жәдігер. Жәдігер сөйлесін. 

Штраус саябағында орналасқан "Титаник" кемесінде қайтыс болған құрбандарға арналған ескерткіш. Нью-Йорк қаласы.

"Титаник" туралы газет таратып жүрген бала.

Кеме су астына кетуден 3 күн бұрын кемеде ойнақ салып жүрген бала.

Кеме айсбергке соғылғанға дейінгі уақытта, жолаушылардың құтқарушы қайықтардың қасынан жүріп бара жатқан сәті. 

"Титаник". І санаттағы қонақ үй.

Титаниктің асханасы.

Апаттан аман қалғандар

Суға кеткендерді құтқарып жүрген құтқарушы қайықтар.

"Титаник" құрылыс үстінде. Белфаст. 1911 жыл, 31 мамыр.

Капитан Эдвард Дж. Смит (сол жақта) және Хью Уолтер МакЭлрой. Титаник бортында тұр.

Аман қалғандар. Әкелері кеме апаты кезінде көз жұмды.

Капитанмен сурет, коллаж.

М. Ақан