Сіздің өмірге көңіліңіз толмай ма?

Сіздің өмірге көңіліңіз толмай ма?
Фото: ofigenno.com

Оқу, жұмыс, мектеп, университет бұлардың бәрі сізді шаршатты ма? Сіздің оқығыңыз келмейді, жұмыс істегіңіз келмейді. Себебі сізде бәрі бар. Сіз қанағат тұтқан жоқсыз, сіз керісінше жақсы өмірге үйреніп алдыңыз. Сізге «қой» дейтін адам жоқ. Дәл қазір жастардың дені осы бір шаршау мен қанағатсыздыққа бет бұрды. Еңбекке жарамды бола тұра, жастықта жатып виртуалды өмірдің ләззатына енеді. Ал маңдайдағы тердің құны ше? Егер шынымен де бәрінен шаршаған болсаңыз, Бангладешке барыңыз.

Бангладеш – Оңстүстік-Шығыс Азиядағы шағын ғана мемлекет. Әрі әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі. Тап осы жерде белгілі фотограф Клаудио Монтесано Касильяс өзінің адам жүрегіне жол тартатын суреттерін түсіріп қайтты.

Бангладеште заңсыз фабрикалар көп. Солардың бірі жергілікті халыққа және үндістер үшін арнайы жасалатын киім фабрикасы. Фабрикада 15 киім тігу машинасы бар. Онда негізінен ерлер мен балалар жұмыс жасайды.

Елде дәл осындай заңсыз фабрикалардың жеті мыңнан астам түрі бар. Олардың бәрі дерлік тіркелмеген. Ешқандай заңға, қауіпсіздік шарасына мән бермейді. Аптасына алты күн жұмыс жасайды. Тіпті түнімен ұйқысыз аз ғана ақша үшін адамдар барын салады.

Шағын жұмыс күші

Дайын өнімдер

М. Ақан