Дубайда әлемдегі ең үлкен күн электр стансасы іске қосылды

Дубайда әлемдегі ең үлкен күн электр стансасы іске қосылды
Фото: inform.kz

Дубайда әлемдегі ең ірі күн коллекторымен жұмыс істейтін электр стансасы іске қосылды, - деп хабарлайды The National басылымы.

Басылым мәліметтеріне сәйкес, электр станциясының қуаттылығы 700 мегаватт. Күн сәулесін аулағыш нысан - күн коллекторының биіктігі 260 метрді құрайды.

Бұл қазіргі уақыттағы әлемдегі ең биік күн сәулесін өндіруші нысан болып отыр. Электр стансасы құрылысын Сауд Арабиясы мен Қытайдың мердігер компаниялары жүргізген. Құрылыс құны 3,9 миллиард долларға бағаланды.

Дереккөз: inform.kz

Ө. Сансызбай