Бразилиядан келген турист қыз Болгария президентін танымай: "кімсің?" деп сұраған

Бразилиядан келген турист қыз Болгария президентін танымай: "кімсің?" деп сұраған
Фото: unitedbulgaria.com

Бразилиядан келген турист қыз Болгарияда жүріп қызық жайтқа тап болды. Ол Болгария президенті Румен Радевті көшеден көріп қалып, әңгімеге тартқан. Олар Болгарияның Странджа ауылында кездесіп қалған. Турист президентті танымай, оның кім екенін сұраған. Қасында көп адам жүргеніне қарап, маңызды адам шығар деп топшылаған турист президентпен емін-еркін әңгіме құрған. "Не үшін сен сонша маңызды адамсың?" деп ел басшысына қалжыңдаған. "Жоқ, мен аса маңызды адам емеспін. Осындағы кез келген болгарин сияқтымын", - деп жауап берген президент соңында өзінің қызметін айтқанда, турист қыз таң-тамаша болған. Екеуара әңгімені оқып көрейік:

Турист: Мен сені танымаймын, бірақ...
Президент: Қай жерден келдің?
Турист: Бразилиядан.
Президент: Бразилиядан ба? Мұнда не істеп жүрсің?
Турист: Неге жүрмеске?
Президент: Қазір не болатынын білесің бе?
Турист: Әлдебір шоу болатын сияқты. Ал сен кімсің? Не үшін сонша маңызды адамсың?
Президент: Кім маңызды адам?
Турист: Сен.
Президент: Жоқ, мен аса маңызды адам емеспін. Осындағы кез келген болгарин сияқтымын. 
Турист: Жоқ, бәрі сені суретке түсіріп жатыр. Сен маңызды адамсың. Неге?
Президент: Мен президентпін. 
Турист: Жоқ! Бұл рас па?

М. Оңғарова