Бір суретте – екі мемлекет

Бір суретте – екі мемлекет
Фото: Вконтакте

Саяхат жасау әр адамның қолынан келеді. Әрине, ол үшін қаражат керек. Дегенмен қаржыны басты мәселе қылмау керек. Саяхат жасау үшін қолыңызға фотоаппаратыңыз бен сөмкеңізді алып тартып тұрыңыз. Ол мәңгі есте қалады. Қиналасыз, қызық көресіз. Ал кейбір саяхатшылар өздерінің барған жерлерінен естелік қалдыру үшін түрлі әрекеттерге барады.

Бұл суреттерде белгісіз автор өзінің саяхаттаған елдері туралы жазба да, толыққанды сурет те қалдырмаған. Есесіне суреттердің жартысын бір-біріне сәйкестендіріп әр елдің мәдениетін, дәстүрі мен тағамдарын, ақшаларын көрсеткен. Есіңізде болсын әр суретте бір-бір мемлекет бейнелеген. Қай мемлекет екенін тауып көріңіз!

М. Ақан