Жапон ханшайымы қарапайым адамға тұрмысқа шығады

Жапон ханшайымы қарапайым адамға тұрмысқа шығады
Фото: livejournal.com

Жапония патшалығының иесі Акихито патша мен Митико патшайымның немересі Мако Акисино ханшайым дәрежесінен бас тартып, қарапайым адаммен отау құрмақшы.

Мако ханшайым мен оның өмірлік серігі 25 жастағы Кей Комуро да Токиодағы Халықаралық христиан университетін бітірген. Жұп алғаш рет 5 жыл бұрын мейрамханада танысқан. Бойжеткен сүйіктісін отбасымен таныстырып, ақ батасын алған екен.

Мако ханшайым – Акисино ханзада мен ханшайымның тұңғышы. Олардың Мако ханшайымнан басқа 22 жастағы Како атты қызы, 10 жастағы Хисахито есімді ұлы бар.

Мако ханшайым Дублин және Эдинбург университеттерінде білім алған. Қазіргі таңда Токио университеті мұражайында ғылыми қызметкер боп жұмыс жасайды. Сонымен қатар, мәдениеттану саласы бойынша доктор.

Ал күйеу жігіт Кей Комуро юридициялық компанияда жұмыс жасайды әрі аспирант екен. Бұрындары «Теңіз ханзадасы» атты туристтік компанияға жетекшілік еткені белгілі болған. Патша күйеу баласы Комуро шаңғы спортымен айналысады, скрипкада ойнайды және аспаздық қабілеті бар.

Қазіргі таңда Жапония патшалығында Акихито тегін 19 отбасы мүшесі иемденген. Олардың 14-і – әйелдер. Ата дәстүр бойынша ханшайым қарапайым тұрғынмен отау құрса, ол патша жанұясынан шығады. Осыған дейін тек Акихито патшаның жалғыз қызы Сайко 2005 жылы құрылысшы Йошики Куродаға тұрмысқа шығып, ханшайым дәрежесінен айырылған.

Патшаның 3 мұрагері бар: ұлы Нарухито, інісі Акисино мен оның баласы және Хисахито ханзада. Макодан басқа тағы да Како және жанұядағы 5 ханшайым бар, олар да қарапайым тұрғындарға тұрмысқа шығатын болса, осы дәрежесінен айрылады. Бұл патшалық үшін өте қауіпті: патшаның тегін иемденетін ұрпақ азайса, мұрагер саны да кемиді дегенді білдіреді. Оған қоса, Нарухито ханзаданың жары Масако ханшайым дүниеге ұл әкеле алмай, жүйке ауруына шалдыққан.

Акихито патша – 83 жаста. Жақын арада денсаулығына байланыста тақтан түсетінін хабарлаған. Тақ мұрагерлерінің ішінде кімнің бұл орынға отыратыны белгісіз.

Г. Берік