Нью-Йорк қаласында әлемдегі ең ұзын ғимарат пайда болады

Нью-Йорк қаласында әлемдегі ең ұзын ғимарат пайда болады
Фото: vk.com

Архитектуралық oiio студиясы әлемдегі ең ұзын ғимарат үлгісін жасады

Әдетте, ғимарат ұзындығы оның биіктігіне сәйкес келетін, ал oiio архитектуралық студиясы жасаған нұсқаға мұндай талап қоя алмайсыз. Мәселе оның ерекше құрылымына байланысты болып отыр. Бұл үлкен қалаларда көріп көзіміз үйренген жалғыз мұнаралы ғимарат емес.

Сырт көзге The Big Bend ("Үлкен иілім") қақпамен (арка) жалғанған қарапайым қос мұнараны немесе жай ғана тағаны еске түсіреді.

Бұл жобаның ұзындығы – 1230 метр болса, биіктігі – 600 метр, яғни, The Big Bend жүзеге асырылғанның өзінде Дубайдағы 828-метрлік Бурдж-Халифа әлемдегі ең биік ғимарат болып қала береді.

Аспанмен таласқан ғимарат терезелерінен Орталық саябақты тамашалауға болады. Ал, оның ең жоғарғы қабаттарында пентхаустар орналастырылады.

Жалпы, архитектуралық oiio студиясы Нью-Йорк және Афина қалаларында жұмыс істейді. Олардың негізгі мақсаты – неғұрылым кішкене жерге көп пәтер салу, яғни, мегаполистерге тиімді ғимараттар тұрғызумен шұғылданады.  

Компания The Big Bend ғимаратын салуға Нью-Йорк қаласының негізгі магистралі саналатын 57-ші және 432-ші авенюлер қиылысын таңдап отыр. 

А. Оралқызы