Жер бетіндегі солтүстікте орналасқан ең шеткі қала

Жер бетіндегі солтүстікте орналасқан ең шеткі қала
Фото: i-fakt.ru

Батыс Шпицберген аралында Лонгйир деп аталатын шағын ғана қала бар. Бұл қаланың қазақша атауы « Ұзақ жыл». Иә қаланың аты өзіне сай жер бетіндегі ең солтүстік өңірде орналасқан мекен. Мұнда жету азаптың азабы. Қаланың құрылғанына жүз жыл болған. 

1906 жылы АҚШ кәсіпкері Джон Манро Лонгйир осы жерден көмір кенін ашқан. Қаланың аты осы адамның есіміне берілген. 1916 жылы қаланың Store Norske компаниясы сатып алады. Қалада 2000 жуық қана халық тұрады. 

Мұндағы ауа температурасы да құбылмалы. Ең суық температура 1979 жылы шілде және 1986 жылы наурыз айында тіркелген. Қазіргі таңда қалада 1906 жылдан қалған жалғыз көмір кені жұмыс жасайды. Ал халықты асырау үшін бұл негізгі кіріс көзі емес. Қалада үш бірдей қонақ үй бар. Әр қонақ үйге келуші саяхатшылардың саны жыл сайын арты келеді. Сондықтан бұл қала бір жағы саяхт қаласы деуге де болады. 

1943 жылы қаланың жермен жексен етіп, соғыс басталады. Бірақ Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін қаланың іргетасы қайта қаланып, Ұлыбританияға қоныс аударған жұрт көшіп келеді. 

Ең қызығы қалада жалғыз ғана газет жарыққа шығады. Ол қалалық ақпараттық газет. Бірақ оның басылым данасы – 3000. Ал қызық деп отырғанымыз, халық саны екі-ақ мың. Газет саны халықтан әлдеқайда көп шығады. Себебі келуші саяхатшыларға арналған. 

1993 жылы қалада Свальбард халықаралық университеті ашылады. Бұл университет қаламен бірге жер бетіндегі солтүстік өңірде орналасқан жалғыз университет деген мәртебеге ие. Университет қабырғасында 350 студент оқиды. 

Қаладағы ең қызық әрі түсініксіз заң : « Лонгйир қаласында өлуге рұқсат жоқ». Себебі қайтыс болған адамды көмсе немесе суға жіберсе, ақ аюлар иісіне келуі мүмкін деп күтіледі. Ал бұл қала тұрғыны үшін қауіпті. 

М. Ақан