​Әлемде қанша миллиардер бар?

​Әлемде қанша миллиардер бар?
Фото: hdfondos.eu

2015 жылы әлемде байлығы 1 млрд доллардан асатын 2,4 мың адам болған. Бұл туралы Wealth-X ұйымының есебінде көрсетілген. Әлем миллиардерлерінің жалпы байлығы өткен жылы 7,7 трлн долларды құраған. Миллиардерлер байлығының жалпы көлемі көптеген елдердің ЖІӨ-нен жоғары. Тек АҚШ пен Қытайдың ЖІӨ-не ғана жетпейді екен.

Байлардың басым бөлігі Еуропада тұрады. Мұнда тұратын 806 адамның дүниесі миллиард доллардан асады. Бір жылда Еуропадағы миллиардерлер саны 4%-ға өсіп, жиынтық қаржысы 2,3 трлн долларды құраған. Солтүстік Америкадағы миллиардерлер саны – 628, Азияда – 645, Таяу Шығыста – 166, Африкада – 41.

Миллиардерлер қатарындағы әйелдер саны –294. Олардың байлығы 876 млрд доллар. Миллиардер ерлердің орташа жасы – 63,2, миллиардер әйелдердің орташа жасы – 62,2 жас. Әлемдегі миллиардерлердің 85% отбасылы.

Миллиардерлердің 70%-ы бакалавр, 22%-ы магистр, 9,5%-ы ғылым докторы. Ұйым келтірген деректер бойынша миллиардерлердің 56%-ы байлықты өздері тапса, 13%-ы мұрадан алған. Ал 31%-ы мұрадан алған байлықтарын өздері арттырған көрінеді. Негізгі табыс көзі инвестициялар мен қаржы секторы.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Е. Жұмабайұлы