АҚШ-та балмұздақ мұражайы ашылды

АҚШ-та балмұздақ мұражайы ашылды
Фото: spyderonlines.com

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында балмұздақ мұражайы ашылды. Мұндағы ерекшелік, қойылған барлық экспонаттардың дәмін татып, қолмен ұстауға болады.

Мұражайда барлығы 6 зал бар. Олардың әрқайсысының жабдықталу үлгісі де ерекше. Мәселен, бір бөлмесінде келген қонақтарға балмұздақ дәмі сезілетін ауа толтырылған шар ұсынса, енді бірі шоколадты зал деп аталады. Ал басты экспонаты – тәтті кәмпиттер бассейіні. Келушілер мұнда жасанды тәттілердің ішінде жүзе алады. Оған қоса әрбір мұражай қонағына эксклюзивті балмұздақ ұсынылады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы