Бұл қызық: Бұл жыл бір секундқа ұзарады

Бұл қызық: Бұл жыл бір секундқа ұзарады
Фото: mateuszgrzesiak.pl

31 желтоқсанда, жаңа жылдың түнінде Жаһандық уақытты үйлестіру бойынша сағат тілі бір секундқа алға жылжытылады. Сағат 23:59:59 UTC бойынша 23:59:60-қа өзгертіліп, содан кейін ғана 2017-ші Жаңа жыл кіреді.

Қосымша секунд туралы АҚШ-тың Әскери-теңіз обсерваториясының баспасөз хабарламасында жария етілді. Осындай қосымша секундтар Жердің өзінің айналуы баяулағаны себепті жиі қосылады.

Есептеулерге сенсек, есепке алып уақыт санауды түзетіп отыру үшін күніне 1,-2 миллисекунд жиналып қалады.

Негізі артық секундты қосу 30 маусымда немесе 31 желтоқсанда жүзеге асырылады. Соңғы мәрте қосымша секундт сағаттарға былтыр жазда енгізілді.

Кей жағдайларда уақыт сәйкестендіруде ақау шығып, серверлерде қателік туындап, рейстер кешіктіріліп жатады.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы