Мұз астындағы алып көл – Антарктиданың жаңа жұмбағы (Видео)

Мұз астындағы алып көл – Антарктиданың жаңа жұмбағы (Видео)
Фото: 123hdwallpapers.com

Доктор Мартин Сигерт бастаған Лондонның Империялық колледжінің британиялық ғалымдары Антарктидалық мұздың астында алып көл болуы мүмкін деген тоқтамға келді.

Ғалымның сөзіне қарағанда, жаңа көлдің ұзындығы шамамен 100 км, ал ені – 10 км. Пішіні бойынша ол лентаға ұқсас, ал ұзын каналдары мен арналары Антарктиданың шығыс жағалауы арқылы  1000 км созылады. «Мұндай ерекше желілерді көріп, солар бойынша ұзындығы 1000 км созылған каналдар, сонымен қатар мұз астында алып көл бар деп болжадық»,  деді Сигерт Географиялық зерттеулердің Еуропалық одағы конференциясында. 

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы