Найзағай ғарыштан қалай көрінеді

Найзағай ғарыштан қалай көрінеді
Фото: vk

Ғаламторда Жердегі найзағайдың Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген видеосы жарияланды.

Видеоны Twitter әлеуметтік желідегі парақшасында ұлыбританиялық ғарышкер Тим Пик жариялаған. Кадрдан найзағайдың станциядан түсірілген бейнесін көруге болады. Ғарышкердің айтуынша, таймлапс Солтүстік Африкадан Түркия арқылы Ресей бағытымен ұшып бара жатқан кезде түсірілген.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін