Айдаһарлар әлемі

Айдаһарлар әлемі
Фото: designyoutrust.com

Сыртын ертегілер еліндегі тылсым дүниелермен көмкерлген ғимараттар өте аз. Мысалы, Марк Фостер Гейдж есімді сәулетші 100 қабаттық ғимараттың нобайын жасап таныстырыпты. Бұл жобаның ерекшелігі – көк тірейтін биіктігі мен таңғаларлық дизайнында. Ғимараттың сырты қола мен жезден құйылған ескерткіштермен безендірілетін болады.

Әр қабаттың өзіндік дизайын болады екен. Бір қабат айдаһар кескінді ескерткішпен бедерленсе, басқа бір қабаты құс қанатымен кескінделеді екен.


Г. Берік