Индонезияда пілдер өрт сөндірушілерге айналды

Индонезияда пілдер өрт  сөндірушілерге айналды
Фото: 24.kz

Соңғы уақытта орман өртінен көз ашпай келе жатқан Индонезияда енді тілсіз жауды ауыздықтауға пілдер жәрдемдесіп жүр.

Арнайы жаттығудан өткен олар су мен қажетті құрылғыларды таси алады екен. Әзірге елде 23 өрт сөндіруші-жануар қызмет етеді. Дегенмен алдағы уақытта олардың санын арттыру жоспарда бар. Өйткені қазір елде орман өрті өршіп тұр. Сарапшылар оның беті тек жыл соңында ғана қайтуы мүмкін деп топшылауда. Бүгінде қызыл жалын кесірінен көршілес Малайзия да зардап шегіп отыр.

Супартоно, Индонезия орман шаруашылығы министрлігінің қызметкері: - Бұл жануарлар тек өрт сөндіруде жәрдемдесіп қана қоймай, адамдар мен өзге пілдер арасындағы кикілжіңді де реттей алады. Бізде ауыл тұрғындарына жыртқыш аңдар шабуыл жасап жататын жағдайлар жиі кездеседі. Пілдер оларды қуып шығуға да пайдасын тигізіп жатады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы