Қызының сыңарын ғаламтордан тапқан әйел

Қызының сыңарын ғаламтордан тапқан әйел
Фото: youtube

Естімеген елде көп. 2006 жылы Қытай елінде бір отбасында бірден екі егіз қыз дүние есігін ашады. Кейіннен белгілі бір себептерге байланысты тағдыр оларды екіге бөлген. Содан егіз қызды екі түрлі отбасы асырап  алады. Олардың бақытына орай екі қызды да америкалық отбасы өз бауырларына басып, елдеріне алып кеткен. Олардың арасын бірнеше шақырым ғана айырады. Екі қыздың біреуінің есімі – Элла, екіншісі – Анна.

Ең қызығы қыздың аналары бір-бірін бірнеше жыл бұрын балалар үйінде жолықтырғандары әлі естерінде екен. Олар сол кезде бір-бірімен хат алмасып тұрған. Алайда екеуіне де жүз ұйықтасада қыздарының бір құрсақтан болуы мүмкін екені түстеріне кірмеген.

Аннаның анасы Кареннің айтуынша, ол Элланың суретіне қарап, өзінің қызына қатты ұқсайтынын айтқан. Кейіннен Карен Анна мен Элланың туған күні бір екенін біледі. Ал одан соң ол әлеуметтік желі арқылы қыздары әпкелі-сіңілі болып шығу мүмкін екенін жеткізеді. Ақырында жүргізілген ДНҚ-лық сараптамада күдіктері расталады.

С. Ерсін