Ғалым бүкіләлемдік жылыну процесін музыка арқылы түсіндіруге тырысты

Ғалым бүкіләлемдік жылыну процесін музыка арқылы түсіндіруге тырысты
Фото: youtube.com

Миннесота университетінің мұғалімі Скотт Сент-Джордж бүкіләлемдік жылыну процесінің қалай жүріп жатқанын музыка арқылы түсіндіруге тырысты. Бұл туралы Popular Science жазды.

Скоттың жетекшілігімен 4 музыкант жер бетіндегі 4 белдеудегі температураның көтерілуін көрсетуге тырысқан. Композиция 1880 жылғы "температураның әуенінен" басталады.

Айта кетелік, БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 2014 жыл климатты бақылау тарихындағы ең ыстық жыл болып есептеледі. Былтыр әлемдегі орташа температура 14,57 градус болған. 

М. Бисембаева