Қызылордалық шебер 3D-еден жасады

Қызылордалық шебер 3D-еден жасады
Фото: vk.com

Қызылорда қаласының тұрғыны еденді заман талабына сай безендіреді. Оның жасы 22-де. Осы уақыт ішінде ол жинаған тәжірибесінің арқасында 3D-еденді қалай жасау керектігін үйренген. Ербол өзінің жақындары мен таныстарының үйін нақыштаған. 

Ербол Әшірбектің мамандығы — бағдарламашы. Яғни бағдарламашының бұл кәсіппен айналысуына толық негіз бар. Ол университеттегі оқуын тәмамдап, ерекше бір жұмыспен айналысқысы келген. Ізденімпаз жігіт Ресей  сайттарынан құйылмалы еденді жасау әдісіне қызығып, Новосібір қаласына оқуға барады. Қазіргі таңда ол шебер деген атаққа ие болып, арнайы сертификат алған.

Еденнің мерзімі - 30 жыл. Алдымен ол еден жылытқыш трубаларын қойып, кейін бетіне бетон құяды екен. 

Н. Нұрмаханұлы