Аспан әлемі фотосуретшінің назарында

Аспан әлемі фотосуретшінің назарында
Фото: adme.ru

Канадалық фотограф Мэтт Моллой көк зеңбір аспанға ғашық. Өйткені, ол аспан әлеміне қарап, шабыт алады екен, барлық суреттері аспанмен үндеседі. Бір әдемі суретті шығару үшін 5 секунд сайын түсірілген жүздеген суретті жинақтайды. Суреттерді бағдарламалар арқылы белгілі бір заңдылықпен реттейді екен. Сұрыпталып, топтастырылған туынды құдды бір кенепке майлы бояумен салынған суретке ұқсайды. Көп тер төгуді талап ететін өнерге Мэтт үлкен жауапкершілікпен қарайды.  Олай болса, ерекше суреттерді тамашалап, бағасын бере отырыңыздар.

Е. Жұмабайұлы