Қытайда әйелдерге арналған сөмке 222 мың долларға сатылды

Қытайда әйелдерге арналған сөмке 222 мың долларға сатылды
Фото: tn.kz

Гонконгтегі аукционда сөмке 222 мың долларға сатылды, - деп хабарлайды "24.kz" Foxnews басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Hermes сән үйі әйелдерге арнап шығарған Birkin сөмкесі тарихта ең қымбат бағаға өтіп, рекорд жаңартты.

Порталдың мәліметінше, сауданы Гонконгтегі Christie's аукцион үйі өткізді. Қолтырауын терісінен тігіліп, гауһар таспен және алтынмен апталып-күптелген сөмке 222 219 долларға сатылды.

"Әдеттегідей оны сатып алушы өз атын құпия етіп сақтауды өтінді. Ол осынша соманы төлейтінін телефон арқылы хабарлады. Сатылған сөмке ағылшын актрисасы Джейн Биркиннің құрметіне аталған", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, аукционды ұйымдастырушылар сөмкені 194 мың долларға сатуды жоспарлаған екен. Ал осыған дейінгі ең қымбат сөмке 203 150 долларға өткен.

М. Бисембаева