Қытайда дүние жүзіндегі ең биікте орналасқан шыны көпір ашылды

Қытайда дүние жүзіндегі ең биікте орналасқан шыны көпір ашылды

Қытайдың Чунцин қаласының қонақтары енді жерге бұлттардың арасынан қарайтын болды. Себебі, мұнда әлемдегі ең биікте орналасқан шыны көпір ашылды. Бұл туралы inform.kz сайты mir24.tv порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Көпір 700 метр биікте орналасқан. Бір қарағанда ол таулардың арасында қалқып тұрғандай әсер қалдырады. 

Жергілікті билік ерекше көпірдің ресми ашылуын 26 сәуірге жоспарлап отыр. Ал бүгін онда серуендеуге тек тілшілер қауымына рұқсат берілген. Жоба жетекшісі алаңда қойылымдар мен көрсетілімдер ұйымдастыруға болатындығын айтады. 

Бұған дейін «Бұлттағы көпір» Лунган ауданында ашылған болатын. Оның бір шетінен екінші шетіне дейінгі аралық 26,68 метрге тең. Тағы бір шыны көпір 2010 жылы Тбилисидегі Кура өзенінде италиялық Микеле де Луккидің жоспарымен салынды.

сурет: people.com.cn

Е. Қайрахан