Мысырда жаңа астана салынбақ

Мысырда жаңа астана салынбақ

Египеттің тұрғын үй құрылысы министрі жаңа астана елдің шығысында салынатындығын мәлімдеді, – деп жазады khabar.kz   

Жоспар бойынша жаңа әкімшілік орталық Каирдан 45 шақырым қашықтықтағы құмды жерде орналаспақ. Жаңа қаланың іргесі  бастапқыда 5 миллион адамға есептелініп қаланбақ. 

Жобаның алғашқы кезегі  7 жылдың ішінде жүзеге асуы тиіс. Ал оның құрылысына 45 миллиард доллар жұмсалатын көрінеді. Ел астанасын ауыстыру мәселесі Каирдың лық толуына байланысты қолға алынғанын айта кетейік. Себебі бүгінде бұл қалада 20 миллион адам тұрады. 40 жылдан кейін бұл көрсеткіш 2 есеге ұлғаятын түрі бар.

сурет: ntours24.com

Е. Қайрахан