100 жасқа толған әжей туған күнінде парашютпен секірді

100 жасқа толған әжей туған күнінде парашютпен секірді

Оңтүстік Африка Республикасының тұрғыны Джорджина Харвуд жүз жылдығын ерекше әдіспен атап өтті. Кейуана туғанына ғасыр толған мерей тойында парашютпен секіріп, халықты тәнті қылды.

Жерге табаны тиген әжей бірден «өзімді керемет сезініп тұрмын» деп, бір тостаған аққайнарды денсаулығы үшін ішіп алған. Сүйегі асыл апаның бұл алғашқы секіруі емес. Ол 92 жасында парашютпен алғаш рет жерге түскен екен. Жүзге келген кейуана келесі туған күнінде тордың ішіне кіріп, мұхит астындағы ақ акулаларға жақындасам деп армандап отыр.

Дереккөз: 24.kz

Көрнекі сурет: myshared.ru

Н. Айдархан