20 жылдан кейін табылған жүк

20 жылдан кейін табылған жүк

«Уашингтон пост» газетінің хабарлауынша, Аризона штатының тұрғыны осыдан 20 жыл бұрын әуежайда жоғалтқан сөмкесін тапқан.

Токсон қаласының тұрғыны Мариа Чандлер желтоқсан айының басында АҚШ транспорт қауіпсіздігі мекемесінен өзінің жоғалтқан жүктерін қайтарып алу жайында телефон қабылдаған.
Мария ханым бастапқыда бұл телефонға сатушылар болуы мүмкін деп аса мән бермеген, бірақ, жауапты маманның қайта-қайта хабарласқанынан кейін барып сенген.

1994 жылы Мария Чандлер бірнеше сурет әуесқойларын ертіп Лас-Вегастағы көрмеге қатысады. Бірақ, қайтар жолда әуежайда өз жүгінің жоғалғанын байқайды. Оның айтуынша, сөмкемдегі заттардың құны 600 АҚШ доллары көлемін құрайды екен.
АҚШ транспорт мекемесі сөмкенің ішіндегі Марияның бұрынғы үйінің мекен-жайы арқылы иесін тауыпты.
Заттарын алуға барған кезде қатты әсерленген Мария ханым: «Бұл сурет мен үшін аса қымбат еді. 20 жылдан кейін болса да табылды. Қатты қуаныштамын», - деген екен.
Сөмкенің жоғалу себебі, қоймадағы қызметкерлерің ұмытып кетуі немесе назарға ілінбей қалуынан болуы мүмкін, дейді мекеменің ресми қызметкерлері.

Сурет: turizm-omsk.ru

M. Auelkhan