Кореяда жылына 1 миллион марка шығады

Кореяда жылына 1 миллион марка шығады

Бір жылда Оңтүстік Кореяда 1 миллионға жуық марка 20 сериямен шығады. Бұл туралы Кореяның Сеул қаласындағы Пошта саясаты мен марка дайындау бөлімшесінің директор орынбасары Ким Мун Су мәлімдеді деп хабарлайды massaget.kz

Бір жылда Оңтүстік Кореяда 1 миллионға жуық марка 20 сериямен шығады. Мысалы Рим папасына арналған марка 3 миллион данамен шыққан. Бұл елде 1 миллион адам филателистикамен айналысады. Оның ішіндегі жиырма мыңдай адам белсенді түрде жыл сайын сатып алып, марка жинайды. Корея поштасының ашылу күні, яғни 1884 жылы 11 қарашада ең бірінші пошта маркасы шығыпты. Елде марка дайындайтын құрылғы болмағандықтан оны арнайы түрде Жапонияда жасаған.

Ким Мун Су мырзаның айтуынша, осы күнге дейін Оңтүстік Кореядағы ең қымбат марка Definitive Stamp деп аталады. 1955 жылы шыққан марканың құны 165 000 мың АҚШ долларына бағаланған. Елде бүгінде жалпы үш жарым мыңға жуық пошта бөлімшесі бар, ал жалпы жұмысшылар саны 40 мыңға жеткен.

Қазақстандық журналистер мен Philakorea-2014 ұйымдастырушылары

Естеріңізге сала кетсек, Корея елінің Сеул қаласында әлемнің 90 елі қатысып жатқан филателистика көрмесі өтіп жатыр. Бұл көрме Оңтүстік Корея елі поштасының 130 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Шара әр 10 жыл сайын өтіп тұрады. World Stamp Exhibition көрмесінде әр елдің тарихын, мәдениетін, сонымен қатар даму жолындағы ерекше кезеңдерін насихаттайтын пошта маркалары, қымбат раритеттер мен бірегей экземплярлар кездеседі. Әлемдік деңгейдегі филателия көрмесіне қазақстандық "Қазпошта" акционерлік қоғамы тұңғыш рет журналистерге арналған тур өткізілуде.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: massaget.kz

А. Құлтай