Сұрасаң, Іле жердің ортасындай...

Сұрасаң, Іле жердің ортасындай...

Іле – Қытай қазақтары ең жиі қоныстанған аймақ. Іле Қазақ автономиялық облысы – Алтай аймағы, Тарбағатай аймағы, Іле аймағы тектес үш аймақтан құралған. Облыс орталығы - Құлжа қаласы. Ол Іле аймағының да орталығы болып табылады. Іле Қазақ автономиялық облысы Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен, Моңғолияның Баян-Өлгей Қобда аймақтарымен, Алтай тау жүйесінің орталық биік таулы бөлігі арқылы Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен және Қырғызстанмен шекараласады.

Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар.


Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Іле Қазақ автономиялық облысында қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн. адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді.



2005 жылғы санақ бойынша, Қытайдағы қазақтардың нақты саны – 1 миллион 500 мыңға жеткен

Алтай аймағы — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Іле Қазақ автономиялық облысына қарасты әкімшілік аймақ. 2003 жылғы санақ бойынша 561,667 халық тығыздығы шаршы шақырымға 5 адамнан келеді. 8 ұлттың өкілі тұрады. Соның ішінде қазақтар – 50,5 %. Орталығы — Алтай қаласы. Әкімшілік жағынан 6 ауданға (Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай, Буыршын, Қаба, Жеменей), 1 қалаға (Алтай қаласы) бөлінеді.

Алтай - адамзат өркениеті бастау алатын жерлердің бірі. Ғалымдардың дәлелдеуінде адамзаттың қар шаңғы мәдениеті Алтайдан бастау алған. 2000 жылдан бері қарай Түркілердің, қазақтардың ата қонысы болып келеді.


Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: showchina.org

M. Auelkhan