Әлемде Жастық айқасы өтті

Әлемде Жастық айқасы өтті

Сәуір айының алғашқы сенбілерінің бірінде әлемнің бірнеше елі Жастықпен айқас күнін атап өтеді. Алғашында бұл мереке 10 ғана елде атап өтілетін болса, биыл әлемнің 100 қаласында жастық мамықтары ұшты.

Қатысушыларға қойылатын басты талап – қарсыластарға соққыны достық ниетпен, яғни, жаймен бағыттау. Ұйымдастырушылар қатысушыларға жастықты өздерімен бірге ала келуін сұрайды.

Бұл шараға тек балалық шақты еске түсіргісі келетіндер немесе осы тәтті шақтың кейіпкерлері ғана қатыспайды. Мәселен, АҚШ тұрғындары бұл мерекені көктемді қарсы алу үшін пайдаланады. Биыл Нью-Йорктегі Джордж Вашингтон алаңына 1000-нан аса қатысушы жиналған.

Сондай-ақ, биылғы жылғы Жастық айқасы "вальс пен опера астанасы" Венада үлкен ұйымшылдықпен өтті. Айқас орны ретінде Хофбург сарайының алдындағы алаң алынған.

Ал Гонконгтегі "соғыстың" сарбаздары абитуриенттер болған, себебі, мереке олардың соңғы емтихандарымен сәйкес келіпті. Жастар мұнда келуінің себебін күйзелістен айырылғысы келетіндіктерімен түсіндірді.

Лондон қаласының негізгі қаруды, яғни, жастықты ұстаған тұрғындары Трафальгарск алаңына жиналған. Астаналық полиция алаңға қарасты жолдардың жабық болатындығын алдын ала хабарлаған екен. Күтілгендей, халық көп жиналды. Алаңға жиналғандардың арасынан ешкім ауыр жарақат алмаған.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net