Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Әр елдің ұлттық киімі

Әр елдің ұлттық киімі

Әр елдің ұлттық киімі

Әртүрлі елдің өзіне тән ұлттық киімдері туралы тақырып кім-кімге болсын қызық деп ойлаймыз. Себебі, ұлттық кәстөмдер арқылы ұлт туралы, олардың тарихы, ерекшеліктері туралы көп нәрсе білуге болады. Және әрбір халық осындай киімдерін бірнеше ғасыр бойы өзгертпестен сақтап келеді, олардың қоғамда алатын орны да ерекше. Наурыз мерекесі қарсаңында біршама елдің ұлттық киімдерін жинақтап көрдік. Тізім төмендегідей:

Жапония. ХІХ ғасырдан бері бұл елдің ұлттық киімі кимоно болып келеді. Сонымен қатар, гейшалардың да жұмыс киімі болып кеткен. Құрылымы жағынан, кимоно иық пен белді ғана бөліп көрсетіп тұрады да, дененің басқа тұстарын байқатпайды. Осындай киімдегі қыздың қасында әрбір жапондық жігіт өзін самурай сезіне алады.

Қытай. Қытай ұлттық киімі дегенде ең алдымен ханьфумен танысқан жөн. Себебі, қытайлықтар ұзақ уақыт бойы Хань әулетінің киімдерін киіп жүрген, осыдан ханьфу деген атау шықты. Бұдан басқа, ұлттық киімнің астынан ципао аталатын ұзын көйлек киіледі. Қытай монархиясының дәурені аяқталғанда ципао әйелдердің күнделікті тұрмысқа киетін киіміне айналып кетті.

Үндістан. Бұл елдің ұлттық киімі адамның қай аймақта тұратындығына байланысты. Олардың сари аталатын дәстүрлі киімдерінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Тіпті, қазіргі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келеді. Жібектен жасалған киімді киген үнді қыздары әлем жігіттерінің көз құртына айналуда.

Ресей. Орыс әйелдерінің киімдері жейдеден (кейде бірнеше), сарафаннан, понядан (жүннен тоқылған белдемше), аяқ киімнен, белдіктен, басқа тағатын бұйымнан және әшекейлерден тұрады. Бойдақ және тұрмыс құрған қыздардың бас киімдерінің айырмашылығы бар. Бұлар ХІІІ ғасырда фин-угор халықтарынан енген екен. Тұрғындар XVII ғасырға дейін былғары етіктер мен кебістерді кисе, кейіннен қонышы қысқа туфлилерге ауысты.

Сауд Арабиясы. Араб түбегінің кейбір аймақтарында әйелдер абая киеді. Абая – үстіге киетін ұлттық киім. Оның құрамында жұқа әрі жұмсақ матадан жасалатын жамылғы-плащ (кейде біз білетін той көйлектеріне ұқсайды) бар. Олар көзге түспес үшін көбіне қара түсті абая киеді.

Египет. Ежелгі Египетте бүрмеленген, жапсырмаланған киімдер киілген. Олар мүлде жыртылмайтын. Онан бері қаншама ғасыр өтті, киімдер де өзгерді. Бірақ киімдерінің материалы мен тігісі әлі күнге дейін сапалылығымен ерекшеленеді.

Бразилия. Бұлардың саусақпен санарлық аймақтарында ғана ұлттық киімдер сақталған. Әйелдер астына крахмалданған белдемшелер, үстіне ашық-шашық келетін саиа киеді. Вата деген бос тұратын кофта да бар. Ерлердікіне ұқсайтын аяқ киімдері таманко болса, чинелас деген сүйретпелері тағы бар. Әдемі шаш үлгілерін жасап, тюрбан киеді, мойындары мен білектеріне тастардан, құс қанаттарынан жасалған әшекей бұйымдар тағады.

Испания. ХІХ ғасырдың соңына дейін Испанияның барлық қаласында осы ұлттық киім киілетін. Киімдердің бірнеше нұсқасы болғандықтан, нақты бір киімді айту мүмкін емес. Оларды ажырату үшін көп ізденіс қажет. Киім негізін XVIII-XIX ғасырлардан алады.

Индонезия. Бали аралдарын мекен ететін индонезиялықтардың ерекше биін әйтеуір бір жерден көзіңіз шалған болар. Олардың көбі әлі күнге дейін ұлттық көйлектерін киеді және оны өз елінің негізгі нышаны санайды. Ұлттық киімдері ұзын етекті саронг аталатын матадан, кебайя деген жеңі ұзын келетін блузкадан, жіңішке белдік стагеннен тұрады.

АҚШ. Солтүстік Америка құрлығының ең алғашқы тұрғындарының ұрпағы өздерінің салт-дәстүрлерін қадір тұтады. Ұлттық киімдері бисермен, құс қанатымен безендіріледі.

Англия. Англия салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа бай болғанымен, нақты ұлттық киімдері жоқ. Алайда, үлгі ретінде моррис биін билеушілердің кәстөмдері айтылады.

Германия. Неміс әйелдері мен ерлерінің ұлттық киімі тархтен деп аталады, ал тек әйелдерге тән киім дирндль екен. Трахтен атауы романтизм дәуірінде пайда болған. Германияда дәл осы кезеңде ұлттық дәстүр, яғни, адамдардың өмірі, әні, тағамы, мерекесі, киімі туралы айтыла бастады.

Франция. Францияның ұлттық киімі ұзын белдемшеден, жеңді кофтадан, корсаждан (іш тартқыш), алжапқыштан, чепецтен (тақия тәрізді бас киім), шляпадан тұрады. Ал ерлер дамбал, гетры (балтырға киетін жылы қоныш), жейде, күртеше, қамзол, мойын орамалын, шляпа киеді.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: spletnik.ru, telegraf.com.ua

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 17 наурыз 2014, 14:00
Пікірлер
+0
17 наурыз 2014, 14:16

Англияның нақты ұлттық киімі жоқ болғаны өкінішті! Аузын айға білеген Англия бұл тұрғыдан басқа елдерден, соның ішінде ұлттық киімі қаймағы бұзылмай сақталған қазақтардан кенже қалады екен.

+0
17 наурыз 2014, 14:17

қазақтар және туысқан халықтар туралы алда) күтіңіздер!)

+0
17 наурыз 2014, 14:22

Үнділердің сарилері ұнайды... Бір киіп көргім келеді...

+0
17 наурыз 2014, 14:34

представляю) Қарлыға сариде! :| :| :|

+0
17 наурыз 2014, 14:24

Германдықтар мен француздар киімі ұқсайды иа

+0
17 наурыз 2014, 16:10

арабтар тыныпты алансыз

+0
19 наурыз 2014, 12:27

АКШ чукча сиякты маа хеххееехеее :cry:

+0
19 наурыз 2014, 12:49

Америкада алғаш қоныс тепкен ежелгі үндістердің киімі ғой.

+0
05 сәуір 2014, 11:13

Өзіміздің ұлттық киімізге жететіні жоқ екен ішінде... Ал үнділердің кіндіктерін ашып киіп жүретіндігі ұнамайды маған.(

+0
17 сәуір 2016, 13:39

корейлердің ұлттық киімдерін қоса аласыз ба?

+0
17 сәуір 2016, 15:12

Бұл екі жыл бұрын шыққан материал ғой. Енді қосу мүмкін емес. Сіз үшін арнайы тағы да осындай материал шығарармыз..)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.