Әлемдегі ең пайдалы үш асхана

Әлемдегі ең пайдалы үш асхана

Әлемге танымал диетологтар ең пайдалы, денсаулықты жақсартатын тағамдары бар асханаларды анықтады. Үштікке алыс шығыс елдері еніп отыр. Олар: Жапония, Сингапур және Қытай.

1. Мәртебелі бірінші орынды Жапония асханасы иемденіп отыр. Күншығыс елінде халықтың бар болғаны 1,5%-ы ғана май басудан зардап шегеді. Сондай-ақ, ондағы адамдардың орташа өмір сүру жасы – 82 жас. Жапондықтардың тамақтанатын ең негізгі азық-түліктері: көкөніс, балық, теңіз балдыры, соя (бұршақ тұқымдас өсімдік), қарқұмықтан жасалған кеспе. Тағы бір айта кетерлігі, жапон асханасында азық-түлік өңдеу дәрежесі тыңғылықты жүргізіледі. Нәтижесінде, тағамның құрамындағы дәрумендер жақсы сақталады. Жапондар тағамды аз жейді және қантсыз көк шәйді көп ішеді.

2. Екінші тізімде Сингапур тұр. Орташа өмір сүру жасы да Жапониядан қалыспайды. Олардың да көрсеткіші 82 жас. Алайда, артық салмақ мәселесімен 1,8% халық күресуде. Сингапурлықтардың басты тағамдары: күріш, көкөніс, жеміс және балық. Мұнда ет өте аз желінеді. Сол себепті, зиянды холестерин жоқ десе де болады.

3. Тізімді аяқтайтын – өзінің ұлттық асханасымен танымал Қытай елі. Сингапур секілді Қытайда да халық 1,8% артық салмаққа душар болып отыр. Орташа өмір сүру жасына келетін болсақ, қысық көзділердің көрсеткіші 73 жасқа жетіп отыр. Қытайлар тағамдарына ағзадағы зат алмасу үдерісін күшейтетін зімбірді көп қосады. Мұнан басқа да сарымсақ, тамыр сабақ секілді түрлі шөптерді қосуды әдетке айналдырған.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com