20 жыл бойы құлағына шпаргалка сақтап келген

20 жыл бойы құлағына шпаргалка сақтап келген

Сауд Арабияның Хаиль қаласының тұрғыны өз құлағынан осыдан жиырма жыл бұрын мектеп емтиханында тығып қойған шпаргалкасын тауып алыпты, деп жазады Al Jazirah. 

Кішкене бөлік қағазды емханада сауд арабиялықтың құлағынан тапқан. Шыққан тегі мен мамандағы беймәлім ер кісі мойын мен құлақ бөлігінде кенеттен пайда болған ауырсынудан кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінсе керек. Алғашында ол дертті құлаққа жиналып қалған ластан деп ойлаған. 

Сондай-ақ, ер кісі бұл шпаргалканы мектеп бітіру емтиханында дайындағанын айтқан. Қай пәнге арналып жасалғаны, мәлім етілмепті. Ең бастысы, Хаильдің тұрғыны мектеп емтиханын сәтті тапсырып, артынан жоғары оқу орнына түскен көрінеді. Бүгінде әйелі мен ұлы бар екен.

Газеттің хабарлауынша, сауд арабиялық бұл оқиғадан кейін ұлымен сөйлесіп, өз уақытында дұрыс істемегенін, мектепте көшірудің жөні түзу әдепке жатпайтынын түсіндірген. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: arabic.arabia.msn.com 

Л. Лига