Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / 21 қаңтар. Бүгін қандай күн?

21 қаңтар. Бүгін қандай күн?

21 қаңтар. Бүгін қандай күн?

Бүгін – Халықаралық құшақ күні (International Hug Day). Мерекенің негізі 1986 жылы Америка Құрама Штаттарында қаланып, кейіннен күллі әлемге тарап бүкіләлемдік деңгейде атап өтілетін болды. Қалыптасқан дәстүр бойынша, сіз бұл күні өзіңіздің достық құшағыңызға таныс емес адамдарды да шақыра аласыз.


Атаулы күннің жасы әлі де тым кішкентай болғандығымен, оның авторын табу өте қиын: неге дәл осы күннің таңдалғандығын және мерекенің түп-төркінінде қандай идеяның жатқандығын да ешкім дөп басып айта алмайды. Бір анығы, мереке мұрагерлері де бастаушылары да - студенттер.

Психолог мамандар жақындарының құшағын қажет ететін адамдар қауіпсіздік, жайлылық және махаббат сезіміне зәру болып келеді деген пікірді айтады. Сондықтан, мерекенің пайдасы көп. Жалпы, құшақтасу кез-келгеннің өмірінің соңына дейін қайталанатын әрекет: достарымызды, құрбы-құрдас, ата-ана, туған-туыс, бауырларымызды, сүйген адамымызды кездескенде, сағынышымызды басу немесе қуанышымен құттықтау, алғыс айту үшін құшақтап жатамыз. Бір сәт, ойлап көріңізші, қиналғанда құшақтайтын, сізді демейтін адамдарыңыз болмағанда қайтер едіңіз?!

Бүгін –  батыр, әулие, ағартушы, қолбасшы, сәулетші Бекет Мырзағұлұлының дүниеге келген күні. Қазақ жұрты Бекет атаның 264 жылдығын атап өткелі отыр.

Бекет ата Мырзағұлұлы 1750 жылы Маңғыстау аймағында, Жемнің жоғарғы бойындағы Ақмешітте туған. Ол жастайынан оқу-білімге құмар, ерекше дарынды, парасатты болған екен. Кезінде Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқығандығы айтылады.

Күні бүгінге дейін Бекет атаның төрт бірдей ерекше қасиеті туралы әртүрлі аңыз-әңгімелер айтылады, олар:

біріншісі - халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр;

екінші - ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы;

үшінші - ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді-мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші;

төртінші - мүсәпірлер мен ауруларға қол ұшын берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.

Дәл осындай ерекшеліктеріне байланысты «Мединеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет» деген сөз тарап кеткен деседі.

Бекет Мырзағұлұлы өзі ашқан мектептерінде (медресе) шәкірттеріне діни білім берумен қатар, география, медицина, математика, физика, астрономия сияқты ғылым салаларын да үйреткен, және өзі терең меңгерген деген болжамдар бар.

Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Бүгінде көпшілік қауым Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: gpsclub.kz, lediyspex.ru, seti.ee

Қосылған күні: 21 қаңтар 2014, 08:55
Пікірлер
+0
21 қаңтар 2014, 10:14

Құшақтасайық!

+0
21 қаңтар 2014, 10:35

құшақтасқан жақсы нәрсе емес

+0
21 қаңтар 2014, 10:54

Бүгін Болаттың аталарының туған күні екен ғой)

+0
21 қаңтар 2014, 11:32

мен құшақтаспай жүре берем, өздері ыңғай танытпаса :D

+0
21 қаңтар 2014, 12:18

Бекет Атаның туған жылы 1720 жыл деген нұсқа да көп кездеседі. Не де болса халқына шапағаты тиген әулие.

+0
22 қаңтар 2014, 09:17

қап, кеше ешкімді құшақтамаппын ғой (((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.