Туған күніңмен, Уикипедия!

Туған күніңмен, Уикипедия!

Бүгін, яғни, 15 қаңтар – Уикипедияның туған күні.

Уикипедия (ағыл. Wikipedia) - бүкіләлемдік ғаламтор жүйесінде еркін тараған әмбебап энциклопедия. Энциклопедияның мақалалары ерікті авторлардың ерен еңбектерінің нәтижесінде әлемнің көптеген тілінде жарияланып жүр. Уикипедияның ерекше құндылығы - кез келген ақпаратты өз ана тіліңде еш өзгеріссіз алу мүмкіндігін беретіндігінде жатыр. Статистикалық мәліметтер Уикипедияны осыған дейін адамзат тарихында жасаған энциклопедиялардың ең толық әрі тиімдісі деп көрсетеді.

Уикипедияның түпкі атасы - Нупедия болып саналады. Нупедия - мақалаларды ең беделді ғалымдар мен академиялық ортаның қызметкерлері жазатын ағылшын тіліндегі жоба. Нупедияның негізін қалаушы ретінде Ларри Сэнглер мен Джимми Уэйлсті атауымызға болады.

Туған күн қарсаңында, Уикипедия туралы бірнеше қызықты мәліметпен таныса отырыңыздар:

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ғаламтор қолданушыларының 7%-ы ғаламторға кірген сайын Уикипедияның мақалаларын оқиды екен.

Осы уақытқа дейін Уикипедия әлемнің 285 тілінде дамып, 24 миллион мақаланың басын құрады. 

"Вики" термині "жылдам, тез" деген сөзден шыққан, Гавайдағы автобустар вики-вики деп аталады.

Бір қызығы – Уикипедия қолданушыларының саны жағымсыз ауа-райына пропорционал келеді. Ауа-райы нашар болған сайын кірушілер де көбейе түседі. Сондықтан да, финдіктердің Уикипедиясы испандықтардан әлдеқайда ауқымдырақ.

Қытай Уикипедиядағы ақпараттарына өзге мемлекет адамдарының кіруіне рұқсат бермейді, ел ішінен тосқауыл қойылған.

Уикипедия ең көп қаралатын онлайн-энциклопедия болғанымен, оның трафигінің дәрежесі атақты Dictionary.com.-мен салыстырғанда шынашақтай ғана болады.

Уикипедия жарнама ұстамайтын, тегін ресурс. Ол танымалдылық бойынша әлемдік ғаламторда алтыншы орында тұр. Еріктілердің сансыз әскері оны кеңейту, жақсарту мақсатында ерен еңбек етіп жүр. Бірнеше елде оған қажетті қаржы қайырымдылыққа берілген ақшамен жабылады.

Сайттың ресми музыкалық тақырыбы бар, ол «Hotel Wikipedia» деп аталады.

Уикипедияда күлкілі тақырыпқа ие, бірақ, өшірілген мақалалардың арнайы каталогы бар екен.

«Қазақша Уикипедия» жобасы 2011 жылы маусым айында басталған болатын. Сол кездегі қазақ тілді энциклопедияның оқырмандар саны жеті мыңдай ғана болған. Кейіннен қазақ тіліндегі Уикипедияны дамыту мақсатында “WikiBilim” қоғамдық қоры құрылды. Аталған қор 2011 жылы тамыз айында Израильдің Хайфа қаласында өткен ғаламдық “Wikimania – 2011” уики-конференциясында үздік жоба номинациясына ие болған. Қазақстанда мұнан басқаҚазақша Уикикітап, Қазақша Уикипедия, Қазақша Уикидәйек, Қазақша Уикисөздік сынды бірнеше жоба бар. Мұның біразы жұмысын қызу түрде жасап жүрсе, кейбірі белсенділігі төмен болғаннан кейін жабылып қалды.

2012 жылдың желтоқсан айындағы деректер “Қазақша Уикипедия” жобасындағы мақалалардың саны 200 мыңнан асқандығын көрсетеді. Ал оның оқырмандары 8 миллионнан асып отыр.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com