Операторды қуған отты құйын (видео)

Операторды қуған отты құйын (видео)

Құйын Жер бетіндегі ең бір талқандағыш әрі әсем атмосфералық құбылыс саналады. Оған жалғас, апатқа алып баратын, қиын керемет торнадоның бір түрі бар екен. Ол - отты құйын. Орманның өртті жағдайында немесе антропогендік факторлардың салдарынан туындайтын отты құйын. Отты құйынның аласұрған өрт ұшқындары бір-бірін тауып, жалғаса түзіле кетеді... 

Өрт тұсында алдымен ауа қызатын көрінеді, оның мықтылығы кеміп, тартылыс күшіндей жоғары өрлейді. Төменнен өрт перифериясы салдарынан салқын ауа массасы түсе бастаса, ең аз уақытта оттек жұтыла түсіп, ауаны қыздыра, тықсыра түседі екен...

Аустралия, Алис-Спрингс

Аустралиядағы Улуру таулы өңірінде осы күзде режиссер Крис Тэнджи мен оның түсірілім тобы кино түсіруге әзірленіп жатқанда, көзді ашып жұмғанша түсірілім алаңынан үш жүз метр тұста отты бағана жылжып отырған. Жолында кездескеннің бәрін жалмап бара жатқан. Ал түсіруші топ жалмаушы торнадоны өз көздерімен көрген тірі куәгерлерге айналып шыға келген.

Табиғаттың тосын әрі әсем құбылысы аустралиялық режиссер мен түсіруші топтың жұмыс күніне өзгеріс енгізген.

Аустралия, Алис-Спрингс

30 метрлік отты бағана 40 минут бойы тыншымапты. Ең қызығы сол, бұл күні еш құйынннан бір белгі болмаса керек - 25 градус ыстық пен желсіз тымық күн тұрған. Мамандардың сөзіне сенсек, отты торнадо кездейсоқ түзіледі әрі теңдессіз қауіп тудырады екен.

Осы уақытта оператор уақыт жоғалтпастан, сирек құбылысты бейнетаспаға түсіріп алыпты. 

Сурет: forum.obozrevatel.com 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Л. Лига