Жылқы түскен суреттер

Жылқы түскен суреттер

Мандариннің иісімен, қар үстіндегі от шашумен келетін биылғы жаңа жыл ерекше өтпек. Жылқы жылы табалдырықта тұр. Табиғатынан сұлу болып жаратылған осы бір жануардың сымбаттылық пен көркемділікке толы жан дүниесі таңданыс туғызбай қоймайды. Британдық фотограф Tim Flach ұсынуда...

Топтаманың «Equus» деп аталуында бір мән бар екен. Бұл сөз латын тілінен аударғанда "жылқы" деген мағынаны береді екен.

Тим алғашқыда суретші-кескіндемеші болғысы келіпті. Бірақ, тағдыр басқаша үкім шығарған соң, Лондон зоосаябақтары мен жазық далада еңбек етуге дәм-тұз бұйырған. 

Фотосуреттердегі кейіпкерлер кейбір тұста адамдарға келіңкірейді, көздерінде көңіл-күйге толы сәттер мен жас үйіріле төңкерілген әлем көрініс тапқан.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: nevsepic.com.ua

Л. Лига