Әлемдегі ең әдепсіз елдер

Әлемдегі ең әдепсіз елдер

Таяуда Bloomberg атты танымал агенттік тұрғындары әдепсіз қасиеттерді бойларына сіңірген елдердің тізімін жасап шықты. Азаматтардың адамгершілікке жат өмір сүру салтына деген бейімділіктері ішімдікті, темекіні, есірткіні қаншалықты пайдалатындықтарына және құмар ойындарға әуестіктеріне қарап анықталған. Нәтижесінде, әлемдегі ең бейкүнә ел – Замбия болып шықты. Ал жоғарыдағы нашар қасиеттерді дарытқан адамдар тұратын 10 ел төмендегідей:

Грекия

Грекия тұрғындары темекіні ең көп қолданатындардың 2-орнында тұр. Оларда басқа да зиянды әдеттер жиі байқалып жатады.

Беларусь

Тоталитарлы Беларусь секілді елде қандай әдепсіздіктер болуы мүмкін деген ойда екендігіңізді білеміз. Шын мәнінде белорустар – әлемдегі ең көп ішетін халық екен. Онан кейінгі тізімде Украина және Эстония тұрғындары тұр.

Ресей

Көрші елдің ішімдікке жақын екенін бәріміз жақсы білеміз. Олар алкогольді сусындарды қолданатындардың 6-орнында тұр. Ал темекі жөнінен АҚШ-тан кейін 2-орынға қойылған. Есесіне, құмар ойындарға деген жоғарғы әуесқойлық байқалмайды.

Босния және Герцеговина

Босния мен Герцеговина тұрғындары ішімдікке құмарлық жөнінен тізімнің ең соңына қарай жазылған. Ал ең аз ішетіндер Ливан елінің тұрғындары. Алайда,  Босния мен Герцеговина тұрғындары темекі мен құмар ойындарға әуесқойлық жөнінен алдыңғы қатарға шығып кетеді.

Испания

Осы бір тамаша ел өздерінің шараптарымен танымал, десе де, олар ішімдікке емес, кокаинге әуес екен. Тіпті, ең жоғарғы көрсеткіште деуге болады. Есірткі жөнінен ең соңғы орында түнгі клубтарымен атағы шыққан Ибица аралы. Колумбия кокаинды өндіріп, тасымалдау жөнінен үлкен табыстарға жетіп жүрсе де, тұрғындары қолданбайды екен.

Болгария

Болгария әлемдегі ең шылымқор мемлекет. Мұнда ересек бір тұрғын жылына орташа есеппен 2822 темекі тұтынады екен.

Армения

Арменияның бар кінәсі – тұрғындарының құмар ойындарға деген қызығушылығы. Дәл осы кемшіліктен бірінші орында Филиппин тұрғындары тұрса, екінші орынды Армения алады.

Аустралия

Аустралиялықтар экстазиге немқұрайлы қарамайды. Сондай-ақ, бұл ел құмар ойындар мен амфетаминді пайдалану жөнінен 3-орынға шыққан.

Словения

Словения тізімге кездейсоқ еніп отыр. Ел ешбір зиянды әдеттерден көшбасшылыққа ие емес. Тұрғындары "бәрінен де аздаған мөлшерде" деген қағиданы ұстанатын секілді. Нәтижесінде, ең әдепсіз елдердің 2-орнын қанжығаларына байлап отыр.

Чехия

Міне, ең әдепсіз елдің аты да белгілі болды. Олардың сыраға ( ішімдік жөнінен 4-қатарда) әуестігі аяқтан шалған жоқ, Чехия каннабис (есірткі заты) өндіруден Голландияны басып озып, 1-орынға шыққан.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net