Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / 5 желтоқсан. Бүгін қандай күн?

5 желтоқсан. Бүгін қандай күн?

5 желтоқсан. Бүгін қандай күн?

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1985 жылдан бері Халықаралық еріктілер (International Volunteer Day) мерекесін атап өтіп келеді. Бұл – екінші жағынан экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні (International Volunteer Day for Economic and Social Development) саналады.

Еріктілер (волонтерлер деп жиі айтылады) – бос уақыттарын қоғамға пайда келтіруге арнайтын адамдар. Олардың қызмет ететін саласы әр алуан. Еріктілер барлық талантын, уақытын, энергиясын жұмсай отырып, ол үшін ақы сұрамайды. Мәселен, олар қоғамдық орындарды тазартуға, кескін қағаздарды таратуға, өз қаласына тегін саяхаттар ұйымдастыруға, халықаралық спорт бәйгелерінде аудармашы қызметін атқаруға септіктерін тигізе алады. Сондай-ақ, жетімдер, қарттар үйінде әртүрлі шаралар өткізуге қатысады.

Біздің қоғам еріктілердің ерен еңбегіне зәру. Сондықтан да, Біріккен Ұлттар Ұйымы осы атаулы күнге ерекше мән беріп, еріктілер қауымын көбейтуге түрлі шаралар жасауды жалғастырып келеді.

Бүгін – әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Ханғали Сүйіншәлиев Жұмашұлының дүниеге келген күні. Ағамыз 2006 жылы бақилық болған еді. Арамызда болғанда 94 жасын атап өтеді екен. Ғалымның көптеген ғылыми-зертушілік еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы, Абай шығармашылығының мәселелеріне арналған.

Бүгін – американдық суретші-мультипликатор, режисер, актер, сценарист және продюсер Уолт Диснейдің туған күні.

Ол өз заманында «Walt Disney Productions» компаниясының негізін қалаған болатын, компания қазір «The Walt Disney Company» медиа империясына айналды. Уолт Дисней – тарихтағы ең бірінші дыбысталған мультфильмді жасаушы адам болып табылады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: uralsk-akimat.gov.kz, vk.com

1715 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 желтоқсан 2013, 10:02
Пікірлер
+0
05 желтоқсан 2013, 10:41

есіме Назерке түсіп, онымен мақтанғым келіп отыр)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...