405 келі аяқ киімнің қожайыны

405 келі аяқ киімнің қожайыны

Бәріміз де аяқ киім таңдауға келгенде ауыр болмауына назар аударамыз, себебі, ауыр аяқ киімді алып жүру өте ыңғайсыз. Алайда, 51 жастағы қытайлық Чжан Фусинды бұл кедергі тоқтата алмайды. Ол әр таң сайын 405 келі аяқ киімді киіп, жаттығу жасауға аттанады екен.

Жеті жыл бұрын Чжан темір қиындыларынан дене шынықтыруға арналған бәтеңке құрастырып алады. Ол кезде аяқ киімнің салмағы 70 келі болатын. Уақыт өткен сайын аяқ киімнің салмағы ауырлап, бүгінде оның ұзындығы 40 сантиметрге, салмағы 405 келіге жетіп отыр. Яғни Чжан ағамыздың өзінен жеті есе үлкен екен.

Сізге сену қиын болар, бірақ ол осы аяқ киіммен 20 минутта 10 метр жолды бағындырады. Чжан бәтеңкелерін ауласында сақтайды екен, салмағы ауыр болғандықтан, оны ешкім ұрламайды деп ойлайды.

Ч.Фусин мұндай ауырлықты көтіріп жүру үшін арнайы қадамдар ойлап тапқан екен және қадамдар аяқтың бұлшық етін шынықтыра алады. Ол келері жылы тағы да бірнеше келі қосып, Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлап отырғанын жасырмайды.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.ne


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар