31 қазан. Бүгін қандай күн?

31 қазан. Бүгін қандай күн?

Арамызда Қара теңізде жүзіп көруді армандамайтындар қатары жоқ болар. Бүгін сол арманымызды тағы да бір рет еске алып қоятын күн туып тұр. Себебі, 31 қазан – Халықаралық Қара теңіз күні (International Black Sea Day).


1996 жылдың дәл осы күнінде Болгария, Румыния, Түркия, Грузия, Ресей, Украина мемлекеттері Қара теңізді қорғау және қалпына келтіру туралы стратегиялық заңға қол қойған болатын. Бұл жоспар теңіз жағдайы жан-жақты зерттеліп, соңғы үш он жылдықпен салыстырғанда теңіз ортасының өмір сүру маңыздылығы төмендегені анықталған соң жасалды.

Атаулы күн әлем халқының назарын теңізге аудару, балық аулаудың, суды ластаудың, жаһандық жылудың Қара теңізге тигізер зиянын айтып, дабыл қағуды мақсат етеді. 31 қазан күні көптеген, әсіресе, Қара теңізбен шектесетін елдерде конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, бейнекөрсетілімдер, байқаулар өткізіліп тұрады.


Бүгін – Халықаралық үнемдеу күні (International Saving Day). 1924 жылы қазан айының жиырма жетінші жұлдызында 29-ға жуық алпауыт мемлекеттің жинақтаушы банк уәкілі Милан қаласында өздерінің тұңғыш халықаралық конгресін өткізген болатын. Үш күнге созылған жиынның ең соңғы күнінде олар 31 қазанды «Халықаралық жинақтау күні» деп белгілейді. Мереке – банк өкілдерінің тұңғыш рет өткізген конгрестерінің ескерткіші болып табылады. Кейіннен атақты профессор Равизза бұл күнді "Дүниежүзілік үнемдеу күні" деп жариялады.

Бұл күнді алғаш бастама жасаған ортаға қарап, тек ақша үнемдеу мерекесі екен деп қараудың қажеті жоқ, бұл – уақытты, күшті, мүлікті үнемдеу күні. Өйткені, уақытсыз, күшсіз ақша да жоқ емес пе?

1989 жылы БҰҰ халықаралық үнемдеу күнін ресми түрде қабылдады. Мерекені осы күннен бастап БҰҰ-на мүше елдердің барлығы да атап өтіп келеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:.tourprom.ru,frinc.org




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN