Жұмбаққа толы бөлменің жандары

Жұмбаққа толы бөлменің жандары

Ойын шарты бойынша, қорқынышты қоныстан қытайлық қыз-жігіттер аз уақыт ішінде құтылып шығуы тиіс. Қытайдағы осы бір ойын жастар арасында кең таралып бара жатыр...

Жабық қоймада жан сақтап қалу үшін берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жарыққа шығу арқылы қытайлық қыз-жігіттер өздері қалаған өткір сезім мен аткөпір толқынысты бастан кешіре алады. Соңғы уақытта үрейлі қоныс ойыны танымал болуда.

Осы бір ойынның дүниеге келуіне “Takagism” аталатын компьютер ойыны ой түрткі болған (компьютерлік ойынның құрылымында ойыншы әртүрлі сілтемелер мен көмек сөздер арқылы бөлмеден сытылып шығуы тиіс екен). Ақиқат өмірдің адамдарына арналып қорқынышты әрі қараңғы бөлмелер жалданыпты. 

Бір ескерте кетерлігі, ойын барысында қатысушылар жол сілтейтін, не болмаса көмегі тиетін смартфон секілді заттарды пайдалана алмайды екен. Білімі мен тапқырлық қана көмекке келуі тиіс. 

Takagism клубының операторлары мен қызметкерлері ұжымдық бірлестік көрсеткен жастар жағы жеңіске жететініне сенімді. Небір құқайды көрмеу үшін бас амандығын ойлаған бес адамның бірлік құрғаны дұрыс. (Құдды, кинодағыдай дерсіз?!)

Қорқынышты қоныстан орын алу үшін бір ай бұрын тапсырыс беріп жатқандар бар.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: spill.no; dusenmelek.wordpress.com

Л. Лига