Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / 2013: Экстримнің ең үздік суреттері

2013: Экстримнің ең үздік суреттері

2013: Экстримнің ең үздік суреттері

Red Bull Illume – экстримнің ең үздік суретшісі атағына ие болғысы келетіндерге арналған конкурс. Сайыс халықаралық дәрежеде өтеді. Биыл 29 тамыз күні Гонконгте өткен конкурсқа 120 мемлекеттен 6 417 фотограф қатысты. Назарларыңызға эмоция мен адреналинге толы үздік суреттерді ұсынамыз.

1. «Кадрлардың бір ізділігі» дәрежесіне ие болған сурет. Авторы – Закари Нойл.


Суретте Оаху аралында серфингпен айналысып жүрген Габриэль Медина бейнеленген. Фотограф Закари Нойл Гавайда дүниеге келіп, ғұмырын теңіз әлеміне арнаған. Айтуынша, суретке деген құлшынысы көрермендерді жаңа дүниеге еліктіріп, сол жерде өздері жүргендей сезімге бөлейді.

2. «Эксперимент» дәрежесінің жеңімпазы. Авторы – Лоренс Холдер.

 
«Мен бұл суретте үлкен ғимаратты бейнеледім. Ол расымен де үлкен көрінеді. Ал төменгі бөлігіндегі сноубордшы Джордан», - дейді автор.

3. «Өмір стилі» дәрежесінің жеңімпазы.  Авторы – Морган Маасен.


Суретте Фиджидегі Таваруа аралындағы су спортымен айналушылар бейнеленген. «Мұндағы жастардың барлығы болашағынан көп үміт күттіреді. Олар серфингпен күніне 10 сағаттан айналысады. Судан тек тамақ ішуге және күннен қорғау кремін жағу үшін ғана шығады. Жайма шуақ күндердің бірінде ақылдасып отырған сәттерін түсіріп алдым. Араларында бәсекелестік те достық та бар. Олардың ерекше күлкісі мен қуаныштары өздеріне жараса кетеді».

4. «Сәуле түсіру» дәрежесінің жеңімпазы. Авторы – Скотт Серфас.


«Бұл суреттерді сноуборд жайында түсірілген «Ұшу өнері» фильмі түсіріліп жатқан кезде түсірдім. Біз Аляскадан үйге жылдам ораларымызды білдік. Спортшы Тревис Райсты тікұшақ үстінде тұрып түсіргім келген. Тағы бір тікұшақ жоғарырақ жерден камераға түсіргендіктен, бұл қиынға соқты. Сонымен қиындыққа мойымай, Тревис төмен түсер кезде 30 метр биіктіктен оны бақыладым. Ал басқа тікұшақтың ұшқыштары айналада ұшып жаттықты. Күн батып бара жатқандықтан, режисер Курт Морган Тревиске төмен түссін деп бұйырды. Екінші рет бұрылып жатқанын суретке түсіріп алдым», - дейді автор.

5. «Үлкен кескін» дәрежесінің жеңімпазы. Авторы – Джерон Ньюис.


«Менің бұл суретімді «студенттік» деп атасам айыпқа бұйырмайтын боларсыздар. Портфолиомды қарап шығып, онда жетіспейтін студенттің өмірінен үзінді алғым келді. Скейтбордты бұрын-соңды түсіргенмін. Алайда тағы да байқап көруге бел будым».


6. «Энергия» дәрежесінің жеңімпазы. Авторы – Ромина Амато.


«Азор аралында жүргенімде таудан суға секіріп түсіп жүзетіндерге қатты қызығатынмын. Таудың осы бұрышын бақылауыма алып, оңтайлы сәтті пайдаландым. Отырған қайығымызды бір орында ұстап тұру қиын болғандықтан, суретке түсіру барысында қиындықтар болды. Әйтеуір еңбегіміз ақталып, сурет ойдағыдай шықты. «Ол қайдан ұшып келеді? Ол тірі қалды ма? Бұл жігіт өзінің ұша алатындығына сенімді ме?» деген таң қалу сөздері өзіме қатты ұнайды».  

7. «Жаңашылдық» дәрежесінің жеңімпазы. Авторы – Даниаль Войтеч.


Суреттегі Томас Славик – Чехияның фристайл жасаудан чемпионы. Және қимылдарын ешкімге ұқсатпай орындайды. Жарықты дұрыс беру үшін суретті студияда түсірдік. Оның үстіне велосипедті төбеге іліп қойдық. Бір арқанмен Томасты, екі арқанмен велосипедті байладық».

8. «Сәуле» дәрежесінің жеңімпазы. Авторы – Райан Тэйлор.


«Әр жыл сайын солтүстік Висконсинде мүкжидектер өсіп шығады. Әсіресе күз мезгілінде көріністері көздің жауын алады. Бір қызығы мүкжидектерді суарудың қажеті жоқ, бар болғаны оны жинар кезде су құяды. Ал суреттегі спортшы жігіт Бен Хоран».

9. «Қос қанат» дәрежесінің жеңімпазы. Авторы – Димитриос Контизас.

«200 метр биіктікке көтеріліп, жүрегінің түгі бар жандарды суретке түсіремін деген төрт ұйықтасам да түсіме кірмепті. Кездейсоқ жағдайлармен Закинтос атты грек аралына бардым. Ол жерде бейс-джампинг жарыстары өтіп жатыр екен. Ал бұл сурет жарыс аяқталған соң түсірілгендері».


10. Бірінші орынды иеленген сурет. Авторы – Лоренс Холдер.

«Немістердің Райстинг қаласында орналасқан бұл жерді өткен жазда байқаған едім. Суретті арнайы қар жауып тұрған кезде түсіргім келді. Бір қызығы бұл жерде қыс айларында қар бір рет ғана жауды. Қуанышыма орай, сол мүмкіндікті пайдаланып үлгердім».

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: monsterplanet.ru

2040 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 09 қыркүйек 2013, 18:37
Пікірлер
+0
09 қыркүйек 2013, 18:44

Неткен қырағылық!

+0
09 қыркүйек 2013, 18:46

vk.com/massagetkz қосыл

+0
09 қыркүйек 2013, 19:19

Бәрiнен ұнағаны- «Өмір стилі»

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...