7 қыркүйек: "Соғыс ойыншықтарын жою күні"

7 қыркүйек: "Соғыс ойыншықтарын жою күні"

Бүгін соғыс ойыншықтарын жою күні. Бұл күн 1988 жылы Дүниежүзілік ата-аналарының қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға көмек қауымдастығының бастамасы бойынша алғаш рет аталып өтті. Осы күні соғыс ойыншықтарын тәттілерге және жұмсақ ойыншықтарға ауыстыру қабылданған.

Идея «Әлемдегі ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларды қорғау» ұйымына тиесілі. Ең алғаш осы ұйым 1987 жылы жетінші қыркүйекте атап өту бастамасын көтерген. Көп ұзамай бастамалары қолдау тауып, алғаш рет 1988 жылы жүзеге асады.

Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі психолог Наталья Лебедева келесіні мәлімдеді: «...көптеген соғыс ойыншықтары баланың физикалық денсаулығына зиян. Бірінші кезекте пистолеттер мен оқтар абайсызда зақымдауы мүмкін. Олардың салмағы да ауыр. Мектепке дейінгі балалар ойыншықтармен тәрбиеленеді. Олар ойын барысында бір-бірін пистолеттермен қорқытады. Мұнымен қатар, баланың кішкентай кезінде қорқып қалуы психологиялық ауытқуға алып келеді. Жастайынан қатаңдыққа бейім өскен балалар осындай ойындардың арқасында өзге балаларға аяусыздық көрсетеді».

Зиянды ойыншықтарды жұмсақ ойыншықтармен, ой-өрісті дамытуға арналған конструкторлар мен кубиктерге ауыстыруға кеңес береді.

«Балалар құқығын қорғау лигасының» орынбасары Эсиф Бекиров сұхбаттарының бірінде Әзірбайжан мемлекетінің саяси-әлеуметтік мәселелеріне тоқталып, сауда айналымына соғыс тәсілдерін үйрететін ойыншықтардың көптеп түсіп жатқанын айтты:

«Біздің балаларымыз соғысты көгілдір экраннан және компьютерлік ойындардан көреді. Мұның барлығы өз кезегінде әсер етпей қоймайды. Заман балалары өздерін  басқаларды өлтіріп, атақты болатын бұзақылар ретінде елестетеді».

Эсиф Бекировпен барлық мамандардың келіспейтіндігін айта кетейік. Дәрігер психолог Фуад Исмайлов соғыс тақырыбындағы ойыншықтардан ешқандай да зиянның жоқ екендігін айтады:

«Танкілер мен пистолеттермен болашақта халқын қорғаушы батыр болғысы келетін балалар ойнайды. Олар жәй ғана суперменге еліктеуі мүмкін. Көп ұзамай бұл қасиеттері Отанға деген сезімдерін ұлғайтып, әлсіздерді қорғауға бағытталады... Бар болғаны балаларға отбасы мен мектептегі қарым-қатынас әсер етеді» дейді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vox.populi.kz

Қ. Бүйенбай