Бүгін – құл саудасы құрбандарын еске алу күні

Бүгін – құл саудасы құрбандарын еске алу күні

23 тамыз – халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу және оны жою күні. (International Day for the Remembrance of the Slave Trade and Its Abolition). Жыл сайын ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша, адамзат тарихындағы осы жайсыз жағдайлардан сақтандыру және құлдарды өз бостандығы үшін күресуге шақыру мақсатында атап өтіледі. Бұл шешім ЮНЕСКО-ның 55-ші сессиясында қабылданды.

1791 жылы қазіргі Гаити мен Доминикан республикасында, Санто-Доминго аралында құлдар көтерілісі болып, сол оқиғадан кейін құлдық жүйе жойыла бастады. Құлдықпен дүниежүзі бойынша күрес жүргізіліп келе жатқанына 200 жылдың жүзі болса да, оны түпкілікті жойып жіберу мүмкін болмады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, жыл сайын әсіресе миллиондаған әйелдер мен балалар алдап-арбау мен күш көрсетудің құрбандарына айналып, «тірі тауар» ретінде сатылуда екен.

Үшінші мыңжылдықтың басында осы атаулы күнге байланысты америкалық Огайо штаты құлдық тарихындағы ең алғашқы мұражайды ашты. Ал құл саудасының ең негізгі транзитты ордасы саналатын Сенегал жағасындағы Гори аралында құл саудасының құрбаны болған адамдарды еске алу шаралары өткізіліп тұрады.

Құлдық – адамзат тарихының ең қаралы беттері және ауыр трагедиясы болып саналады. Құлдықтың беті қайтарылып, көптеген тыйымдар салынғанымен, оның жаңа форматтары пайда болып, өзінің құрсауына миллиондаған адамдарды салуда. Жаңа құл саудасы – заманауи әлемнің ауқымды әрі ең өткір проблемасына айналып отыр. Бүгінде әлем бойынша жүргізілетін құл саудасының шын мәніндегі статистикасы анықталмай келеді.

Суреттер: calend.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Алакөл суының емдік қасиеті
Алакөл суының емдік қасиеті
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"