Coca-Cola жасыл түске енді

Coca-Cola жасыл түске енді

Өткен айда сатылымға жасыл түсті затбелгіге ие "Coca-Cola" сусыны шығарылды. Компания 1920 жылдан бері өзінің дәстүрлі қызыл түсін алғаш рет ауыстырып отыр. Осылайша, Кока-Кола өзінің құрамы арқылы экологиялық жағдайды, денсаулықты қолдайтындығына назар аударғысы келеді.

Жаңа сусын "Coca-Cola Life" деген атты иемденіп отыр. Сусын сатылатын бөтелкенің өзі 30 пайызы өсімтал заттардан құралған пластиктен жасалған. Бәрі де экологиялық қауіпсіздіктің құрметіне арналады.

Жасыл затбелгіге ие сусын Аргентинада сатылып үлгерсе, бірнеше уақыттан кейін бүкіл әлемге тарайтын болады.

"Coca-Cola Life" сусынының мәзірі дәстүрліден ерекшеленеді екен. Қанттың құрамы төмендеп, оның орнына Оңтүстік Америкада, Орталық Америкада, Мексикада өсірілетін табиғи дәмдеуіштер қосылады. Қант мөлшерінің төмендеуіне байланысты, өндірушілер 600 миллилитр сусынның калориялығы 108-ге дейін төмендейтіндігін айтып отыр.

Алайда, жаңа қоспаның "Кока-кола" сусынына лайықты емес екендігі тұтынушылар тарапынан жиі айтылып, сыналып та үлгерді. Сондықтан да, сусын тағдырының қалай болатындығы әлі белгісіз болып келеді.

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: frogcp.com