Арыстанның рөлін сомдаған ит

Арыстанның рөлін сомдаған ит

Қытайдың жануарлар бағында келушілерді арыстанның орнына мастифф итті көрсетіп алдаған. Ол үшін итке арыстанға ұқсайтын жасанды жал жасап қойған. Толқынды жалының бар екеніне қарамастан, ақыра алмайтындығы жануарлар басшылығының өтірігін әшкерелеген.

Бұл өтірікті әшкерелеуге Лохэ қаласының алты жасар баласы көмектескен: жас жеткіншек «арыстан» деп жазылған тақтайшаның жанынан өтіп бара жатып жануардың итше үріп жатқанын ата-анасына айтқан.  Олқылықты байқаған ата-анасы мамандардың бақты тексеруден өткізуін талап етеді. Нәтижесінде үлкен итті шаштаразда арыстанға ұқсатып сәндегендігі анықталды. Мұнымен қатар жануарлар бағын тексеру барысында қасқырдың орнында да иттің отырғаны және екі қабыланның түлкіге ұқсап боялғандығы әшкереленген. Ал террариумда жыланның орнында екі үлкен егеуқұйрық отырған. Алайда арыстанның орнында не себепті иттің отырғандығын "нағыз арыстан басқа ауданға ұрғашысымен кездесуге жіберілген" деп түсіндірді. 

Мұның бір себебі бүгінгі таңда Қытай жануарлар бағының қаражаттан қысылып жатқандығы болуы мүмкін: басшылық жануарлардың қатысуымен сауық-сайран ұйымдастыруға тыйым салған, ал кіру билеттері тегін таратылуда.

Бұдан бұрын Британияда бұйра иттердің орнына қойларды сатқан қылмыстық топ құрықталған. Қойлардың жүні қанденге ұқсатылып қырқылып, әрқайсысы 1,2 мың долларға сатылған. Осы топқа алданып қалған жапондық актриса Маико Каваками тікелей эфирде өзінің жаңа итінің үргісі келмейтіндігін және ет орнына шөп жейтіндігін айтып арнайы мамандарға тексертіп, нәтижесінде қылмыстық топ жазасын алған.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: sochi-24.ru




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN