Өткенді танудың кепілі

Өткенді танудың кепілі

Бұл мерекенің белгілі бір оқиғамен, дүбірлі ашылулармен байланысы болмаса да, мемлекеттік, ұлттық мәртебесі жоқ болса да археологтар қауымы өздерінің төл мерекелерін тамыз айының он бесінші жұлдызында атап өтеді.

Археология (гр. тілінен аударғанда  archaios – көне, logos – зерттеймін) – тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Барлық тарихи жаңалықтар жазба материалдар мен археологиялық деректер арқылы ретке келтіріледі. Жазба хаттар тым аз сақталғандығымен, тұрмыстық заттар біз ойлағаннан да көп. Археология термині жыл санауға дейінгі 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ретінде қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілген.

2008 жылы Бүкіләлемдік археологиялық конгресстің(World Archaeological Congress) президенті мен вице-президенті ЮНЕСКО-ға 17 шілдені Бүкіләлемдік археологтар күні деп белгілеу туралыс ұсыныс жасады. Мерекенің мақсаты әлем халықтарының өткенді таныну мен мәдени мұраны сақтаудың баға жетпес құралы саналатын археология саласының маңыздылығына, археологтардың еңбектеріне назар аударту болып табылады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: zhelezyaka.com