Із-түзсіз кеткендер...

Із-түзсіз кеткендер...

Жыл сайын мыңдаған адамдар іс-түссіз жоғалып кетіп жатады. Ешкім ештеңе көрмеген... Ешбір із жоқ... Із кесушілер де шарасыз. Жер жұтты ма? Әлде ауада еріп кетті ме?

Назарларыңызға сондай адамдардың тізімін ұсынып көрмекпіз.

1. Маура Мюррей

2004 жылдың 9 ақпанында Массачусетс университетінің студенті 21 жастағы Маура Мюррей есімді қыз мұғалімдері мен жұмыс берушілеріне электронды почта арқылы жақындарының бірі қайтыс болуына байланысты кету керек екендігін ескертеді. Осыдан кейін студент қыз Нью-Гэмпшир Вудсвила аймағына жақын жерде жол апатына тап болады (автокөлігін ағашқа соғып алған). Бір қызығы, Маура осы оқиғадан бірнеше күн бұрын апатқа түсіп, тағы да бір көлікті жарамсыз еткен екен.

Апат орнына жақын маңнан өтіп бара жатқан автобус жүргізушісі Маураға полиция қызметкерлерін шақыруды ұсынады. Қыз бас тартқанымен, жүргізуші ең жақын жердегі телефонға барады. Он минут өтпей жатып, полиция қызметкерлері апат орын алған жерге келеді. Маура ол жерде жоқ болып шықты.

Тексеріс нәтижесінде қарсыласу, күшпен басып әкету іздері табылмады, осыған қарағанда Маура өзге көліктің көмегіне жүгінген. Келесі күні Оклахомада тұратын Маураның күйеу жігітіне дыбыстық хабарлама келіп түседі. Хабарламадан қыздың (Маура деп болжалынды) жылаған дауысы ғана естіледі.

Бір қызығы, Маура осы оқиғадан бірнеше күн бұрын апатқа түсіп, тағы да бір көлікті жарамсыз еткен екен. Оның соңғы күндердегі біртүрлі әрекеттеріне қарамастан, отбасы мүшелері өз еркімен жоғалып кетті дегенге сенбей отыр.

Онан бері тоғыз жыл өтті, бірақ, қызға не болғаны, қайда жүргені әлі күнге дейін анықталмай келеді.

2. Брэндон Свенсон

2008 жылы 14 мамыр күні кешқұрым он тоғыз жастағы Брэндон Свенсон өзінің туған қаласы Маршаллға (Миннесота штаты) келе жатып, көлігі жолдың жанындағы жыраға ұшып кетеді. Брэндон ата-анасына телефон соғып алып кетулерін сұрайды. Ата-анасы дереу жолға шығады, алайда, оқиға орнынан ұлдарын таба алмайды. Әкесі қайта телефон соққанда, Брэндон тұтқаны алып жақын маңдағы Лид қаласына жетуге талпыныс жасап жатқандығын айтады. Әңгіменің барысында жігіт дауыс көтеріп, сөгіс сөздер айтады да, артынан байланыс үзіліп кетеді.

Әкесі қайта қоңырау шалғанымен ұлына байланыса алмайды. Брэндон із-түссіз жоғалып кетті. Кейіннен полиция жігіттің көлігін табады. Олардың айтуынша жігіт өзенге батып кетуі мүмкін, бірақ өзеннен дене табылмады. Сондай-ақ, Брэндонның неге боқтау сөздер айтқандығы құпия болып отыр.

3. Луи Лё Принс

Луи Лё Принс – таспадағы жылжитын бейнелерді түсіріп алуды ойлап тапқан белгілі француз өнертапқышы. «Кинематограф атасының» жоғалып кетуі де тарих беттеріне түсініксіз болып жазылды. 1890 жылдың 16 қыркүйегінде Луи Лё Принс ағасының үйіне қонаққа келеді де, кейіннен поездбен Парижге аттанады. Поезд межелі жерге келгенде Луи Лё Принс жоқ болып шыға келді.

Адамдар Лё Принсті соңғы рет жүк тексеруден кейін вагонына кіріп бара жатқанда көрген. Күш көрсетудің немесе басқа да күдікті нәрселердің ізі табылмады. Ешкім оны вагон сыртынан көрмеген. Терезеле мықтап жабылғандықтан оның секіріп кетуі мүмкін емес. Ал өзіне қолжұмсауы мүмкін емес нәрсе. Өйткені, Луи Лё Принс өзінің жаңа өнертабысына патент алу үшін Америкаға аттануды жоспарлап жүрген болатын.

Ғасырдан астам уақыт өтсе де Лё Принстің қайда және не үшін кеткендігі белгісіз болып келеді.

4. Майкл Негрете

1999 жылдың 10 желтоқсанында таңғы сағат төртте Калифорниялық университеттің бірінші курс студенті 18 жастағы Майкл Негрете компьютерін сөндіреді. Ол түні бойы өзінің достарымен видеоойындар ойнайды. Сағат тоғызда бөлмедегі көршісі оянып Майклдың жоқ екендігін байқайды. Жігіт әмиянын, кілтін, қысқасы, барлық заттарын тастап кеткен. Одан кейін оны ешкім көрмеді.

Ең қызығы, Майкл өзінің бәтеңкелерін де тастап кеткен екен. Із кесушілер иттердің көмегімен автобус аялдамасына дейін барғандығын анықтайды. Аялдама әжептеуір алыс болғандықтан, аяқ-киімсіз қалай жеткендігі түсініксіз болып тұр. Оқиға орнына жақын маңда сағат 4:35-те бір адамның жүргендігі айтылады. Алайда, оның Майклдың жоғалуымен байланысы болмауы да мүмкін. Жігіттің өз қалауымен жоғалып кетуіне себеп болатын ешқандай оқыс жағдайлар болмаған. Он бес жылға жуық уақыт өтсе де оның қайда екені белгісіз.

5. Барбара Болик

2007 жылдың 18 шілдесінде Монтана штатындағы Корваллисада тұратын 55 жастағы Барбара Болик есімді әйел Калифорниядан келген өзінің досы Джим Рамакермен бірге тауға серуендеуге шығады. Джим табиғатты тамашалау үшін тоқтағанда әйел 6-9 метр жерде тұрған екен. Бірер минуттан кейін Барбараға тіл қатпақ болып бұрылғанда ғана жоқ болып кеткендігін байқайды. Іздеу жұмыстарына полиция кіріседі, бірақ әйел табылмады.

Бір қарағанда Джим Рамакердің оқиғасы көңілге қонымсыз. Бірақ, зерттеу жұмыстарында оның еш кінәсі жоқтығы анықталды, оның Барбараны жоқ қылып жіберуге ешқандай себебі де жоқ еді.

6. Майкл Хирон

2008 жылдың 23 тамызында 51 жастағы Майкл Хирон ауладағы шөптерді ору үшін Теннеси штатындағы жекеменшік фермасына аттанады. Көршілері таңертең Майклдың жол талғамайтын көлігіне (вездеход) мініп қайтып бара жатқандығын көреді. Мұнан кейін оны ешкім де көрмеген. Келесі күні Майкдың достары фермаға келе жатып, жолға тасталынған жүк көлігін көреді. Оған көгалшапқыш тіркелген, бірақ фермадағы шөпке ешкім де тиіспеген болып шықты. Жаман ойған ерік бермеген достары қайтып кетеді де, келесі күні қайта келеді. Көлік кешегі орында тұр, ал оның кілттері, ұялы телефоны, әмияны сонда қалып қойған.

Үш күннен кейін Майклдың соңғы мінген көлігі үйінен жарты шақырым алыс жердегі қыраттан табылды. Оның не үшін онда барғандығы белгісіз. Майклдың ешқандай жауы да, жасырынуға себептері де болмаған.

7. Эйприл Фабб

Британияның ең атышулы оқиғаларының бірі 1969 жылдың 8 сәуірінде орын алды. Эйприл Фабб есімді 13 жастағы мектеп оқушысы үйінен шығып көрші ауылдағы апасының үйіне жол тартады. Қыз онда бару үшін велосипедті пайдаланған және оны соңғы рет көрген жүк тасушы көліктің жүргізушісі екен. 14:06-да жүргізуші қыздың жол бойында кетіп бара жатқандығын байқаса, 14:12-де оның велосипеді сол орыннан бір шақырым алыс жерден табылады. Эйприл із-түссіз кетті.

Эйприлді ұрлап кетті деп жылы жауып қоя салуға да болады. Бірақ, қылмыскердің небәрі 6 минуты болған және тура жол бойында екендігі бар. Оның үстіне іздеу жұмыстары ешқандай күш көрсетудің немесе бөгде адамның болмағандығын айтып отыр.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net