Ұшатын сарай

Ұшатын сарай

Бруней Сұлтаны – әлемнің ең бай адамдарының бірі. Ол күллі дүниені шексіз салтанатымен таңғалдырумен келеді. Жұртшылық оның шығындарын қара қызғанышпен талқылағанымен, ол байлыққа белшесінен батуын тоқтатқан жоқ. Сұлтанның өміріндегі соңғы жаңалық – таяуда ғана сатып алған Airbus А340 ұшағы болып отыр. Бегзада ұшақты 100 млн. АҚШ долларына сатып алды.

Ендеше мұнайлы мемлекеттің басшысының жеке "ұшатын сарайына" бас сұғып көрейік. Кім білсін, сіз де осындай сарайдың қожайыны атанып қаларсыз.

1. А340 аэробусы – Airbus SAS жасап шығарған, алысторапты, төртмоторлы, реактивті, жолаушыларға арналған ұшақ. Ұшақ корпусының ұзындығы – 75,3 метр. Қанатының кең жайылғандығынан және жанармайды көп жейтіндіктен бұл ұшаққа сұраныс көп емес. Оның бар болғаны 28 түрі ғана жасалған(сұлтанның ұшағын қосқанда).



2. Ұшақтың дәлізі



3. Жиналыс залы

4. Мына романтикалық бөлмеде тынығып алуға болады.

5. Әжетхана мен жуынатын бөлмедегі барлық сантехникаға алтын жалатылған.

5. Алтын раковина

Хассанал Болкиах біршама уақыттан бері Airbus A340-212-те ұшып жүр. Американдық барлаушылардың айтуынша, оның бортына кіру АҚШ ядролық қаруының жүйесі орнатылған бөлмеге кіруден де қиын екен.

Сұлтан "сарайды" 100 млг. долларға сатып алып, американдық Raytheon әскери мекемесіне жөндеуге береді. Ол үшін 120 млн. доллар ақша төлейді. Жөндеу барысында ұшақ салоны толықтай өзгертіліп, жанармай бактары үлкейтіледі.

Бруней сұлтанының ұшағы ұлттық тудың түсімен безендірілген.

Хассанал Болкиах дүниеге келген сәтінен бері алтын мен гауһарға көміліп келеді. Ол 1967 жылы, 21 жасында таққа отырып, байлығына байлық қосуды тоқтатқан емес. Алтын оны аспанда да айналшықтап жүр...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер: livejournal.com