Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Әлемдегі ең қарт әйел 115 жаста

Әлемдегі ең қарт әйел 115 жаста

Әлемдегі ең қарт әйел 115 жаста

Әлемдегі ең қарт адам Оңтүстік Африка Республикасында тұрады екен. Кейуананың аты Джоанна Мазибуко. Ол биыл 119 жасқа толған. Өзінің айтуынша Джоанна Мазибуко 1894 жылдың 11-мамырында дүниеге келген көрінеді. Ол қазір 77 жастағы ұлымен бірге Йоханнесбургтен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан шағын ғана қалада тұрып жатыр. Әйелдің жеті баласы болған, ал қазір оның тек екеуі ғана тірі екен.  

Қазіргі таңда Гиннестің рекордтар кітабы бойынша жер бетіндегі ең қарт әйел Жапония елінің тұрғыны Мизао Окава саналады. Оның жасы 115-те.

Джоанна Мазибуко Клерксдорпте өзінің 77 жасар зейнеткер ұлымен бірге бір үйде тұрып жатыр екен. Ең қарт әйелдің денсаулығы да жаман емес. Ол күнде таңертең төсек орнын өзі жинастырып, өз аяғымен жүріп тұрады. Сондай-ақ Джоанна Мазибуко өзі киініп, тіпті өзі ас дайындайтын көрінеді.

Алайда әзірге Оңтүстік Африка Республикасының ішкі істер Министрлігі Джоанна Мазибуко құжаттарының түпнұсқа екендігін растаған жоқ. Дегенмен олар жақын күндері оның нақты жауабын айтуға уәде берген екен.

Осы күнге дейін жер бетінде ең көп өмір сүрген әйел болып Жанна Кальманның аты аталады. Ол 1997 жылы 4-тамыз күні 122 жасында дүние салған еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Қосылған күні: 29 шілде 2013, 11:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.